Елімізде 4 мың шақырым жол ақылы болады

Елімізде 4 мың шақырым жол ақылы болады

Елімізде 4 мың шақырым жол ақылы болады. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, мұндай жолдардан түсетін табыс айтарлықтай артқан. Мәселен, былтыр авто жүргізушілер қазынаға 48 млрд теңге құйған. Егер қосымша ақылы жолдар ашылса, бұл сомма 60 миллиард теңгеге дейін ұлғаяды деп жоспарланған. Нақты қай жолдар ақылы болатыны әзірге белгісіз. Бірақ жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде енгізілмек. Қазіргі таңда ел аумағында 3 мың 200-ден астам шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істеп тұр.