Ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды

Ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды

Ақтау маңайындағы ұшақ апатының алдын ала хронологиясы белгілі болды. Көлік министрлігі Embraer-190 әуе кемесіне қатысты оқиғаны тергеу бойынша алдын ала есепті жариялады. Онда экипаж бен диспетчерлер арасындағы әңгімелер толық жарияланбаған. Сондықтан ұшақтың Ақтауға бет алу себептері белгісіз күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, Грозный әуежайының үстінде GPS сигналы жоғалғаны және ұшаққа сырттан әсер еткен факторлар расталды. Экипаж әуежайға жақындаған кезде GPS-тің жұмыс істемейтінін диспетчерге хабарлаған.