13 мың шақырым жол жөнделеді
Биыл ел бойынша 13 мың шақырым жол жөнделеді.
Оның 6 мың шақырымы аудандық және ауданаралық жергілікті жолдар. Сондай-ақ, 50
жылға дейін жөндеу көрмеген Петропавл – Жезқазған, Қандыағаш – Шалқар, Жаңаөзен
–Түркіменстан шекарасы, Қарағанды – Аягөз – Боғас жолдары толығымен
жаңғыртылады. Жоспардағы жұмыстардың мерзімі де нақтыланды. Мәселен,
Қарағанды-Жезқазған жолының құрылысы сәуір айында басталады. Ал, бюджетке
түсетін жүктемені азайту мақсатында реконструкция және жөндеу жұмыстары
аяқталған жол бөліктерінде жүргізушілерден ақы алына бастайды.

