Еңбек қауіпсіздігіне қатысты талап күшейеді
Енді кәсіпорындарда жазатайым жағдай болып, қызметкер жарақат алса, мекеме басшылығы бірінші жауапқа тартылады. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігіне қатысты KPI енгізуді тапсырды. Сол арқылы жұмыс беруші бағалануы шарт. Әйтпесе, былтырдың өзінде 1300-ден астам жұмысшы өндірісте жазатайым жағдайға ұшырапты.

