«Алдар көсе» тұңғыш рет мюзикл жанрында қойылды
Қазақ ауыз әдебиетінің аңыз кейіпкері араға сексен жыл салып сахнаға қайта оралды. Тек бұл жолғы «Алдар көсе» заманауи бейнеде балаларға түсінікті бүгінгі заман тілімен жазылған мюзикл жанрында ұсынылды. Ұлттық нақыштағы ауқымды декорация, алып бәйтерек, қасиетті тайқазан, қазақи ою, астарлы әзіл мен «Қара жорға» биі. Жаңа реңге келтірілген ертегі сценарий мен лебреттосы да жаңадан жазылған. Алдар Көсе десек, бірден Молдабайдың әні еске түседі. Бұдан бөлек қойылымда сегіз заманауи ән, төрт хор орындалады. Қалай дегенмен көне аңыздың мән маңызы бәз баяғы қалпында сақталған. Қойылым әдеттегі қазақ халқының тағылымды көрінісін баяндайды. Басты кейіпкер кедейлерді ақылы және батылдығы арқылы зұлымдық пен сараң байлардан қорғап жүреді. Көрерменге жол тартқан жаңа сахналық қойылымды Орталық Азияда тұңғыш ашылған «Astana Musical» театры ұсынды.
Есләм Нұртазин, мюзиклдің қоюшы-режиссеры, «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі:
- Алдар көсенің күші ақылында, біз соны дәріптегіміз келеді. Әрбір адамның өз күші, орны бар, деген сұрақтарға жауап бергіміз келеді. Және осы балаларға түсінікті болатындай комедия тілімен, күлкі бар. Би мен үлкен декорациялар жасалды. Балалар жылы болғаннан кейін балаларға арнап максималды түрде көз тоятын, құлақ құрышы да қанатындай әзілге толы қойылым жасап шығуға тырыстық.