«Тұлға теориясы»: тау тұлға - Асанәлі Әшімов
Ертең қазақ киносының
күні. Осы айтулы датаға орай арнамыз көзайым көрермендері үшін «Тұлға теориясы»
деректі фильмінің кезікті сериясын ұсынады. Бұл жолғы кейіпкер - қазақ өнерінің
аңызға айналған тау тұлғасы, театр мен кинода өшпес із қалдырған, халық әртісі
Асанәлі Әшімов. Ұлы актердің өмір жолы мен шығармашылығындағы тың деректер
таспаланып отыр. Өнер мен уақыт, тұлға мен қоғам арасындағы терең байланыс
зерделенген фильм ертең, сағат 14:00-де арнамыздан шығады. «Тұлға теориясы» -
бұл бір адамның тағдыры ғана емес, тұтас бір дәуірдің көрінісі болған
тұлғалардың өмір мен өнер жолы таспаланған деректі фильмдер циклы. Жоба авторы
танымал журналист Айнұр Омар.

