JLO концертіне билет сатып алғандардың 30% шетелдіктер
Бірер минуттан соң, Астана Аренада әлемге әйгілі әнші
Дженифер Лопестің концерті басталады. Әлемдік мегажұлдыздың шоуына 25 мыңнан
астам адам билет сатып алған. Оның кемінде 30 пайызы шетелдік туристер.
Мамандар бұл концерттің ел экономикасына нақты пайда әкелетінін айтады. Қонақ
үй, мейрамхана және қоғамдық тамақтану нысандары 6 жарым миллиард теңге
көлемінде пайда табады деп жоспарланған. Ал тікелей салық түсімі 400 миллион
теңгеден асады деп көзделген. Дәл қазір Астана Арена маңындағы қауіпсіздікті
1300-ге жуық полиция қызметкері қамтамасыз етіп тұр.

