Алғаш рет елшілерге арналған «Наурыз балы» өтті

Наурыз мейрамында Құрманғазы күйлері әлемнің 25 елінде шырқалады. Астанада алғаш рет елшілердің қатысуымен Наурыз балы өтті. Кеште Мәдениет және ақпарат министрі осындай жағымды жаңалықпен бөлісті.

Бұл думан шетел дипломаттарының, халықаралық ұйым басшыларының басын қосқан ерекше мереке болды.