Қазақ-қырғыз медиақұрылымындағы ынтымақтастық
Бішкекте қол қойылған
құжаттардың арасында медиақұрылымдағы ынтымақтастықты арттыру да бар. Мәселен, Президент Телерадиокешені мен
Қырғызстанның Ұлттық телерадиокорпорациясы өзара түсіністік пен бірлестік
туралы меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, тараптар медиаконтент пен
тәжірибе алмасады, медиахолдингтер бірлесіп, креативті жобалар жасайды. Айыр
қалпақты ағайын Президент телерадиокешенінің құрамына кіретін Silk Way
телеарнасымен серіктестікті дамытуға ниетті болып отыр. Телеарна қазірдің
өзінде Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның ақпараттық ұйымдары дайындаған
контентті таратуда.

