Президент мұнай-газ саласының еңбеккерлерін марапаттады
Геологиялық барлауды күшейтіп, жаңа кен орындарын ашу керек. Бүгін Президент мұнайшыларды марапаттау салтанатында осылай деді. Мемлекет басшысы салаға білімді, жас кадрларды тарту керегін айтты. Елімізде мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр.

