Қазақстандық ісмерлер бір жарым шақырым құрақ тігеді
Қазақстандық ісмерлер Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ұзындығы 1,5 шақырым болатын құрақ тігіп, рекорд жаңартпақ. Шеберлер тың туындысын «Аламан құрақ» деп атапты. Құрақ құрауға елдің барлық өңірлерінен 500 тігінші қатысады. Шымкенттік ісмерлер де осы шараға тыңғылықты дайындалып жатыр. Олар қазір құрақтарын түгендеуде.
Бибіхадиша Жетібаева құрақ жасаудың хас шебері. Оның қолынан шыққан дүние көздің
жауын алады. Шебер бірер күнде Астанаға жол жүреді. Көшпенділер ойынына қатысып,
ел аймақтарынан жиналатын ісмерлермен бірлесіп «Аламан құрақ» жасауға қатысады.

