Бүгін Ахмет Жұбановтың туған күні
Бүгін қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор, дирижёр, музыкатанушы Ахмет Жұбановтың туғанына 119 жыл толды. Ол – ұлттық оркестрлік, опералық және камералық жанрлардың дамуына үлес қосқан, кәсіби композиторлық мектептің негізін қалаған тұлға. Түсірілім тобы Алматыдағы Ахмет Жұбановтың үй-музейінде болып, шөбересі Каринамен кездесіп қайтты.

