«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды
Елімізде «ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Биыл БАҚ өкілдері 12 номинация бойынша бақ сынайды. Жылдың үздік сұхбаты, Жылдың үздік репортажы, Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал, Жылдың үздік журналистік зерттеуі, Жылдың үздік аналитикалық материалы, Радиостанциядағы үздік жоба, Жылдың үздік фотосреті, Жылдың үздік жаңалықтар порталы, Үздік өңірлік БАҚ, Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал, Үздік подкаст және үздік YouTube каналы осы байқауда анықталмақ. Өтінімдер бүгіннен 1 қыркүйекке дейін urker-awards.kz ресми сайтында қабылданады.

