Жаңөзенде футбол жанданды

Жаңаөзенде алғаш рет футболдан бірінші лига ойындары өтті. Маңғыстаулық «Каспий» футбол клубы өз алаңында Өскемендік «Алтай» командасын қабылдады.

3000 адамдық стадиондағы ойын тартысты басталды. Бұл «Каспий» командасының Жаңаөзендегі алғашқы ойыны. Шаһар тұрғындары сүйікті командасын көзбен көріп, жан-тәнімен қолдау көрсетті.