Тас дәуірінен жеткен жәдігер
Жамбыл облысы,
Сарысу ауданындағы «Ақтоғай» үңгірінен 23 мың жыл бұрынғы бұйымдар табылды.
Археологтардың сөзінше, ондағы тастың сынықтары, ұсақ малдың сүйектері, тау
текенің омыртқалары тас дәуіріне тиесілі. Ғалымдар бұл үңгірдің адамзаттың
алғашқы мекендеген орындарының бірі екендігін айтады. Бұл орынболашақта ашық аспан астындағы
музейге айналуы мүмкін. Ал, халықаралық
бірлескен археологиялық экспедиция жұмысы
ұзаққа созылатын сияқты.

