Кореялық әнші қазақстандықтарды баурап алды

Мынау бейнеролик қазақтілді ғаламтор қолданушыларды тәнті етті. Бұл бейнеде аты аңызға айналған қазақ композиторы – Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған Серенадасын» кореялық әнші Сон Вон Соб орындаған. Ол тек халық әндері мен отандық әншілердің танымал туындыларын шырқап қана қоймай, танымал өлеңдерге каверде орындайды. Бүкіл өлеңдерін ол ғаламторға өз ана тілінде орындап, салады. Әнші, тіпті, Батырхан Шүкеновтың танымал «Дождь» өлеңінің де өзіндік нұсқасын шырқаған. Осылайша, әртіс ондаған қазақ өлеңдерін орындап үлгерді. Айтуынша, қазақ өлеңдерінің әні де керемет, сөздерінің мағынасы терең.

 

Сон Вон Соб, әнші:

– Мен танысқан алғаш қазақ әншісі – Батырхан Шүкенов болды. Оның өлеңдері тікелей жүрегіме жол тартты десем, артық айтқаным емес. Сондықтан, бұл өлеңді барлығы есту керек деп ойладым. Осылайша, оларды корей тіліне аудара бастадым. Артынша, түрлі әншілердің шығармашылығымен қызыға бастап, қазақстандық әншілер өте дарынды екеніне көзім жетті. Мен Қазақстанға келгенде мені халық өте жылы қарсы алады. Өзімді шетелдік азамат ретінде сезбеймін де. Мен көптеген адамдармен танысып, әнші Мирас Жүгінісовпен жақын араласа бастадым. Ол маған домбыра сыйға тартты. Оның арқасында осы керемет аспапта ойнап үйреніп жатырмын. Қазақ тілін де үйреніп жатырмын. Тек кейбір дыбыстарды айту сәл қиынға соғуда. Алайда, мен тырысудамын.

 

Тыңдарманның ерекше ықыласы Сон Вон Собты қазақ өлеңдеріне одан да көп кавер жазуға итермелейді екен. Оның айтуынша, екі халықты тек бай мәдениет қана емес, шығармашылықтың әр алуандығы, қонақжайлылық пен мейірбандық та біріктіреді.