Сырдағы салтанатты кеш

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Сыр өңірінде гастрольде жүр. Бекзат өнердің биігін бағындырған өнер ұжымы ауыл-аймақты аралап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Гастрольдік сапардан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде «Біз біргеміз» Қазақстан қайырымдылық қорына аударылады.