«Достық үйінің» іргетасы қаланды

«Достық үйінің» іргетасы қаланды

Қонаев қаласында Алматы облыстық «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталды. Өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған маңызды жобаны жергілікті ірі кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен салынуда. Толығырақ Жадыра Қуандыққызы тарқатады. Бүгінде Алматы облысында 34 этномәдени бірлестік тіркелген.

 

Қонаев бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Қалада бірнеше әкімшілік ғимарат пен әлеуметтік нысанның құрылысы басталса, бүгінгі іргетасы қаланған нысанның орны бөлек. Бұл, сан түрлі этносты бір шаңырақ астына біріктіретін рухани орталық болмақ.