Ұлыстың ұлы күніндегі ұлттық ойындар

Ұлыстың ұлы күніндегі ұлттық ойындар

Дәстүрлі ойындар мен ұлттық спорт түрлерін насихаттау – елордалық филармонияның алға қойған мақсаты. Ондағы өнерпаздар Ұлттық спорт күніне орай өзара сайысқа түсті.

Астана мемлекеттік академиялық филармониясында таң әдеттегідей дене шынықтырудан басталды. Бұл жолы үстерінде ұлттық киім, жүздерінде күлкі.  Арқан тартып, кір тасын көтеріп, асық ойнап, мәз-майрам болды.