Шымкентте Абайдың 10 күндігі өтіп жатыр
Ұлы ақынның туған
күнінде дүбірлі той тек туған жері - Жидебайдан ғана емес, сондай-ақ Шымкентте
де кеңінен аталып өтті. Жұрт Ұлы ақынның шығармалары мен қара сөздері насихаттау шарасына
қатысып, Абайдың рухына тағзым етті. Ал «Хакім Абай» мұражайында ашық есік күні
өтіп, «Абай әлемі» республикалық конкурсы ұйымдастырылған.

