Мемлекет басшысы мәдениет майталмандарын марапаттады
Еліміздегі театрлардың көпшілігі толық
жаңғыртуды қажет етеді. Тіпті, кейбіріне жаңа ғимарат керек. Осы мәселені
шешуді Президент биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында тапсырған
еді. Қазір кәсіпкерлер мен меценаттар бұл бағыттағы жобаларға инвестиция салуға
дайын. Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде
осылай деді. Президент музейлердің әлеуетін толық пайдалану, рухани мұраларды
цифрлық форматқа көшіру, жалпы өнер саласын өркендетудің маңызына тоқталды.

