Испанияда Абайдың 180 жылдығына арналған концерт өтті

Испанияда Абайдың 180 жылдығына арналған концерт өтті

Испанияда қазақтың бас ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған концерт өтті. Мадридтегі мерекелік іс шараға Еуропадағы қазақ диаспорасы мен шетелдіктер жиналды. Бас аяғы 300-ге жуық көрерменнің алдында Түркістан облысының Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониясы, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Фараб» би ансамблі және «Арқайым» нео-этно-фолк тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар, қазақстандық этнодизайнерлер сән көрмесін ұйымдастырды.