Қазақтың ұлттық музыкасы жетекші музыкалық платформаларға жол тартты
Қазақтың ұлттық музыка өнері «Асыл мұра» деген атаумен
әлемдік кеңістікке жол тартты. «Алтын қорда» сақталған 1500-ден астам ән-күй,
жыр-терме, ертегі, бесік жыры нұсқалары алғаш рет танымал музыкалық
платформаларға жүктелді. Жинаққа 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық және халық
композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро ән енгізілген.
Аудиожинақтың ерекшелігі – мұндағы 1500 шығарманың көбі алғашқы
орындаушылармен, яғни түпнұсқа күйінде берілген. Жинақтағы аудиошығармалар
Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты 100-ден астам әлемдік
жетекші музыкалық платформаларда қолжетімді.

