Түркінің тасқа басылған тарихы
X-XV ғасырлардағы жазба ескерткіштерін зерттемей, түркітану саласында жетістікке жету мүмкін емес. Орал қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияда ғалымдар осындай ортақ ойға тоқталды. «Түркі әлемі: орта түркі дәуірі жазба мұраларының рухани-мәдени кеңістігі» деп аталатын жиынға Батыс Қазақстаннан, Астана, Атырау облыстары және сонау Башқұртстаннан зерттеушілер қатысты.
Батыс қазақстандық ғалым Мұрат Сабырдың орта түркі
дәуірін зерттеп жүргеніне ондаған жыл болған. Ол 500-ден астам ғылыми мақаланың
авторы. Конференцияда оныңның «Тіл – ұлттық код» атты тағы бір кітабының тұсауы
кесілді.

