Джей Ло концерті Қазақстанға қандай пайда әкеледі?

Джей Ло концерті Қазақстанға қандай пайда әкеледі?

Үкімет отырысында мәдени туризмді дамыту ісі де қаралды. Осы тұрғыда биыл елде бірнеше ірі жоба іске аспақ. Ауқымды шаралардың бірі - Alem Fest музыкалық фестивалі. Ол шілде айына жоспарланған. Ал, бірінші тамызда әлемге әйгілі әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің кеші өтпек. «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша оны көруге 15 мыңнан аса адам жиналады. Әрине, дені шетелдік көрермендер. Соның арқасында қазынаға кемі 6,5 миллиард теңге пайда түседі дейді ұйымдастырушылар. Бұл салыққа да қомақты қаражат әкеледі деген сөз.