Тарихи ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне енеді

Тарихи ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне енеді

ЮНЕСКО тізіміне еліміздің тарихи және мәдени ескерткіштері, ал «Әлем жады» тізбесіне құжат күйіндегі мұраларымыз енеді. Президент бүгін Қазақстан мен ұйым арасындағы ықпалдастыққа да тоқталды. Қазір елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысаны тіркелген. Соның 10-ы - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік тізімінде. Биыл әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы осы ұйымның деңгейінде атап өтіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев мерейлі даталарға орай өтетін іс шаралар мазмұнды, тағылымды болуы керек деді. Сондай-ақ, талантты суретшілерге ұлттық сыйлық тағайындауды ұсынды.