Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері
Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері өтті.
Бірнеше күнге созылған ауқымды бағдарламада қазақ халқының бай мәдениетін,
тарихын паш ететін бірнеше шара өтті. Мәселен, әйгілі Третьяков галереясында
«Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ұсынылып, қазақ суретшілерінің 60-тан
астам жұмысы қойылды. Ал өнер сүйер қауым «Парасат майданы» спектаклін
тамашалай алды.

