Энергетика саласында келісім жасалды
Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы алғашқы өңірлік энергетикалық форум
өтті. Шара аясында тараптар жасыл энергетикадан бастап, сутегі, цифрлық
логистика және ғылымға дейінгі бағыттарды қамтитын онға жуық маңызды келісімге
қол қойды. Энергетика саласындағы серіктестік енді тек шикізат экспортымен
шектелмей, технология трансфері мен өңдеу қуатын арттыруға бет бұрды. Сондай-ақ, форумда бірлескен зауыттар салу, мұнай өңдеу мен геологиялық барлау секілді
нақты жобалар ұсынылды.

