Терім науқаны: әзірге 16,6 млн астық жиналды

Терім науқаны: әзірге 16,6 млн астық жиналды

Терім науқаны басталған бір ай ішінде қамбаларға 16,6 млн тонна астық жиналған. Бұл жалпы егістіктің 68 пайызына тең көлем. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай кезекті есептерін жариялады. Биыл Үкімет жоспары бойынша 24,4 млн тонна астық бастырылуы тиіс. Сондай-ақ, биыл ауа райының қолайлы болуы өзге де егістік өнімдерінің бітік шығуына мүмкіндік берген. Мәселен, 799 мың тоннаға майлы дақыл алынса, картоп 1,9 миллион тонна болып, қырыққабат 405 мың тонна, ал сәбіз 305 мың тоннаға жиналыпты. Жалпы алғанда 2,9 млн тоннан көкөніс алынған. Үкімет мұның бәрі ішкі нарықты толық азық-түлік қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді дейді. Артығын экспортқа шығарады. Енді, тек өнімдердің қоймада шіріп кетпей, дұрыс сақталуына жағдай жасалуы қажет.