S P Global Ratings Қазақстанның егемендік рейтингін растады

S P Global Ratings Қазақстанның егемендік рейтингін растады

«S P Global Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемендік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде «тұрақты» болжамымен қуаттады. Бұл туралы KASE биржасы хабарлайды.

Сарапшылардың бұл шешіміне ел экономикасының фискалды және сыртқы теңгерімінің тұрғақтылығы, мұнай мен алтын бағасының көтерілуі әсер еткен. Аталған жағдайлар сыртқы сілкіністердің әсерін жұмсартуға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Сондай-ақ, агенттік Қазақстан экономикасының өсімі 2022 жылы 2 процентті құрауы мүмкін деп болжайды.