2023 жылы Қазақстанда 170 өнеркәсіп жобасы пайдалануға беріледі

2023 жылы Қазақстанда 170 өнеркәсіп жобасы пайдалануға беріледі

Биыл Қазақстанда 170 жаңа өнеркәсіп жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Мәселен, Павлодар облысындағы Екібастұз маңында осы жылдың 3-тоқсанында ферросилиций өндіріс ошағы қолдануға беріледі. Бұл технология болатты балқыту үшін және кейбір ферроқорытпаларды өндіру ісінде ретінде қолданылады. Сонымен қатар Қарағанды ​​облысында арнайы кокс шығаратын зауыт іске қосылады. Ал, Қостанайда коммерциялық жүк көліктеріне арналған көпірлердің негізгі компоненттерін өндіру бойынша өнеркәсіп орталығы ашылады. Бұдан басқа, Саран қаласында тұрмыстық техниканы, Алматыда алюминий радиаторларын, Қарағандыда жел генераторларына арналған конустық мұнараларды, Павлодарда алюминий дискілерін өндіру жоспарланған. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін макарон өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс еті және тағы басқа өндірістердің ауқымы кеңейтілмек.