Қазақстан АҚШ-қа жалпы құны 800 млн болатын 90 тауар түрін экспорттауға дайын

Ел премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, республикамыз осы жеткізілімдерді ұлғайту жоспарын толық іске асырса екі жақты алыс-беріс әлеуеті еселеніп, оң сауда балансына қол жеткізіледі. Сондай-ақ бірқатар америкалық компания бізде өз қызметін кеңейтуге мүдделік танытуда. Олар тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық және «жасыл» технологиялар мен көлік логистикасы сынды түрлі саланы қамтиды.

Айта кетейік, былтыр тараптар арасындағы тауар айналымы 40% өсіп, 3 млрд доллардан асып жығылған. Ал АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша екі есеге жуық артып 5 млрд долларға жеткен.