Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1,6 млрд доллар бөлді
Халықаралық Валюта Қоры Қазақстанға арнайы қарыз алу құқығына тең 1,6 млрд доллар бөлді. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Бөлінген қаражат халықаралық резерв құрамын түзету немесе бюджет шығыстарын қаржыландыру мақсатында еркін пайдаланылатын валютаға айырбастау үшін жұмсалады. Жалпы Халықаралық валюта қоры ұйымға мүше елдерге 650 млрд доллар бөлген.