Берік бизнес байланыс бекіді

Берік бизнес байланыс бекіді

Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Қазақстанда қант зауытын салады. «Құрық» көпмақсатты терминалының құрылысына және оны дамытуға қатысады. «Ақтау теңіз порты» мен Khalifa Economic Zones Abu Dhabi арасындағы ынтымақтастық орнайды. Бүгін Қазақстанның Араб Әмірліктерімен іскерлік байланысы «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында беки түсті. Бәсі биік басқосуға Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері қатысты. Екі елдің ірі кәсіпкерлері цифрлық технология, қаржы, урбанистика және «жасыл» экономика салаларындағы заманауи трендтерге арналған тақырыптық сессияларда келіссөздер жүргізді. Өзара B2B форматында кездесулер өткізді. Бизнес өкілдері арасында 10-ға жуық коммерциялық келісімдерге қол қойылды.