Astana Finance Days: цифрлық активтердің өсуі жайлы сарапшылар пікірі

Astana Finance Days: цифрлық активтердің өсуі жайлы сарапшылар пікірі

Astana Finance Days аясында сарапшылар Қазақстандағы цифрлық активтерді реттеудің мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылады. Жиынға қатысушылар криптонарықтың ірі ойыншылары индустрияны қалай басқара алатындығы жөнінде пікір алмасты. АХҚО мамандарының айтуынша, Қазақстан үшін бұл жаңа нарық.  Сондықтан, осы бағытта бәсекеге қабілетті болу үшін бірқатар реттеу шараларын қолға алған жөн. Оның ішінде алаяқтықпен күреске баса мән берген дұрыс дейді мамандар. Бұған қоса елде мемлекеттік органдардың қызметін орталықтандыру қажет. Сарапшылар инвесторларды қорғау мен инновациялық бастамаларды қолдау және цифрлық активтердің құбылуын тиімді басқару сынды тақырыптарда ойларын ортаға салды. 

Ягуб Заманов, АХҚО комитетінің қаржылық технологиялар директоры:

– Бүгін цифрлық активтерді реттеуге қатысты жаңа тәсілдер және оларға жету мәселелері талқыланды. Нарықты қалай қауіпсіз ете аламыз? Бұл бағыт Қазақстанда жақсы дамып келеді. Майнингтік компаниялар қатары көп. Қазақстанның ең ірі майнерлер арасында екінші орынға көтерілуіне майнингтік компаниялардың ықпалы басым болды.  Сондай-ақ,  цифрлық активтер дәстүрлі қаржы құралдарымен салыстырғанда есеп айырысудың жеңілдігін қамтамасыз етеді. Осының барлығы бұл нарықты тартымды ете түсті.

 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов