Қазақстандағы Қытай инвестициясының жобалары

Аспан асты елінің инвесторлары Қазақстанда бірнеше жобаны жүзеге асыруға ниетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қытайлық компаниялардың бірі лифт өндірісіне қаражат құюға мүдделі. Екіншісі гранит өндіретін кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қытайлық инвесторлардың қатысуымен тоғыз жоба жүзеге асырылу сатысында. Олардың жалпы құны 2 миллиард доллардан асады. Алдын ала мәліметтер бойынша биыл алты нысан іске қосылуы мүмкін. Тағы 18 ұсыныс пысықталуда. Жалпы, Қазақстан-Қытай индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жобаларының тізіміне 52 жоба кіреді.