Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 7,3%-ке өсті

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 7,3%-ке өсті

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналым артып келеді. 2022 жылдың 10 айында ол шамамен 23 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ке артық, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Жалпы, жыл басынан бері тауар экспорты 7 млрд 700 млн доллардан астам соманы құрады. Еліміздің Одақ мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресейдің үлесі басым, одан кейін Қырғызстан, Беларусь және Армения елдері келеді.