Қазақстан Қытайға 28 млн доллар болатын өнім экспорттау жоспарлануда

Қазақстан Қытайға 28 млн доллар болатын өнім экспорттау жоспарлануда

Қазақстан Қытайға жалпы құны 28 млн доллардың ұн, жұмыртқа кеспесі, кондитерлік өнімдер, өсімдік майлары мен жемшөп экспорттайды. Жақында отандық компаниялар Хубэй провинциясының Ухань қаласында өткен іскерлік миссиясы барысында бірқатар тиісті келісімге қол қойды. Сауда саясатын дамыту орталығының мәліметінше, мамыр айынан Аспан асты елі Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің арасында көш бастады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауарайналым 24 млрд доллардан асып, ең жоғары тарихи межеге жетті. Ал биылғы жылдың 7 айында сауда көлемі 16 млрд долларды құрады. Айта кетейік, алдағы жылдары тараптар алыс-берісті 40 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Қытай нарығында Қазақстаннан келетін өнімдер үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, бізден  азық-түлік импортайды. Отандық өндірушілер экспорттық тізілімге тағы 135 өнім түрін қосуға әзір. Оның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің жалпы құны 1 млрд доллардан асады.