Дүниежүзілік банк Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Дүниежүзілік банк Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту, цифрландыруды жеделдету. Дүниежүзілік банк осы және өзге де перспективалық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Бұл туралы ел Премьер-Министрінің Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен келіссөздері барысында белгілі болды. Әлихан Смайылов үкіметтің ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін 2020-2025 жылдарға арналған Әріптестік туралы негіздемелік стратегиясының аясында Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимылға үлкен мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар, тиімді аналитикалық және консультациялық құралға айналған Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын жалғастырудың маңыздылығы да тілге тиек етілді. Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Дүниежүзілік банктің Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.