Бюджет тапшылығы артып келеді
Бюджет тапшылығы артып келеді. Мәжілістегі бүгін Үкімет сағатында депуттар осы мәселені қаузады. Жиынға қатысушылар тиімсіз жұмсалған қаражатты айтып, біраз айтысты. Себебі, салада салғырттық көп. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша тапшылық 3 жарым триллион теңгеге жеткен. Бұған қоса жоғарғы аудиторлық палата қаражатты тиімсіз жұмсау екі есе өскенін мәлімдеді. Бұл шамамен 450 млрд теңге.

