Ұлттық банк Астананың 25 жылдығына орай монета шығарды

Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Монетарлық реттеуші баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның салмағы 15 грамм мельхиордан жасалған, номиналы 100 теңге, таралымы 20 мың дана. Оны еліміздің Ұлттық банкінің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Алмат Басенов, Қазақстан Ұлттық банкінің бас дизайнері:

- Бұл монета композицияның орталық бөлігінде Астананың негізгі сәулет ғимараттарының коллажы бейнеленген, оның алдыңғы жағында тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай салынған Триумф аркасы бейнеленген.