Қазақстан қазан айында мұнай өндірісі мен экспортын қалыпқа келтіреді

Қазақстан қазан айында мұнай өндірісі мен экспортын қалыпқа келтіреді

Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары келесі айдың 15-інде аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі хабарлады. Олар қазан айының екінші онкүндігіне Қашағандағы «қара алтынды» өндіру де қалпына келетінін атап өтті. Өндіріс көлемін бұрынғыша тәулігіне 400 мың баррельге жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, мамандар мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне кен орнында орын алған ақау мен Қарашығанақтағы жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп дейді. Тамыз айында көрсеткіш бес миллион тонна қара алтыннан сәл ғана асқан.