2026 жылы инфляция 12,5% деңгейіне дейін көтеріледі

2026 жылы инфляция 12,5% деңгейіне дейін көтеріледі

Инфляция 9,5%-дан 12,5% деңгейіне дейін көтеріледі. Ұлттық банк 2026 жылға осындай болжам жасап отыр. Оған себеп инфляциялық қысымның әлі де жоғары болуы. Үкіметтің коммуналдық қызмет ақысының көтермеу шешіміне қарамастан инфляция дәлізі қарашада 12,4% деңгейінде қалыптасқан. Десе де азық-түлік бағасы қымбатшылықтың негізгі себебі. Өйткен айда баға 13,4% өскен. Әсіресе ет, өсімдік майы, сүт өнімдері, балық, кофе және какао бағасы шарықтап тұр. Азық-түлік емес инфляция да жеделдеген. Жанар-жағармай нарығын реттеуден бас тарту отын бағасының өсуіне, ал оның жанама әсерлері тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеліп отыр. Мәселен, нарықтық қызмет құны қарашада 13% артқан. Атап  айтқанда шаштараз, қоғамдық тамақтану және тұрғын үйді жалға беру ақысы көтерілген. Ұттық Банк мөлшерлемені 2026 жылдың алғашқы жартысына дейін төмендетуге мүмкіндік жоқ екенін атап өткен. Себебі инфляциялық жағдай тұрақсыз және жоғары деңгейде қалып отыр.