Қазақстанда фармацевтика өндірісі артты

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 61%-ке артық. Жалпы өткен жылы фармацевтикалық өнім көлемі 142 млрд теңгені құрады. Әсіресе, қазақстандықтар арасында антибиотиктерге сұраныс жоғары. Бұл саладағы өнім бір жылда бір жарым есеге өсіп, 14 тоннаға жетті. Провитаминдер мен витаминдерге келетін болсақ, ішкі нарықтағы сатылым көлемі де бір жарым еседен астамға ұлғайып, 300 тоннадан асты.