Энергетикалық желілерді жөндеуге 13 трлн теңге жұмсалады

Энергетикалық желілерді жөндеуге 13 трлн теңге жұмсалады

Энергетикалық секторды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 13 трлн теңге қажет. Бұл туралы елордада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын талқылау кезінде Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті. Қаражат 86 мың шақырым коммуналдық желіні жөндеуге әрі жаңадан құрылысты жалғастыруға, сондай-ақ жалпы қуаты 7,3 ГВт қосымша генерация көздерін енгізуге жұмсалады. Аталған ұлттық жобаны Үкімет былтыр желтоқсанда бекітті. Оның аясында энергетика, коммуналдық және генерациялық инфрақұрылымды жаңғырту және салу, бизнес-процестерді цифрландыру ескерілген.