Доллар – 500 теңге. Бұл уақытша құбылыс па?

Доллар – 500 теңге. Бұл уақытша құбылыс па?

Доллар күрт арзандап кетті. АҚШ ақшасы соңғы бір аптаның ішінде 15 теңгеге құнын жоғалтқан. Қазір айырбас бөлімдерінде валюта бағамы 499 бен 503 теңге аралығында сатылып жатыр. Егер қазан айынан бері есептесек, теңге шамамен 9 пайызға күшейген. Сарапшылар бұған бірнеше фактор себеп дейді. Біріншісі – Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі өте жоғары, яғни қазір 18% деп бекіткен. Бұл Қазақстан экономикасына ақша саламын дегендер үшін тиімді. Яғни, Қазақстанға доллар көп кіріп жатыр. Екіншісі – Ұлттық банк интервенция жасап отыр. Ал үшінші фактор – шетелдік инвесторлардың сұранысының артуы. Қазан мен қараша айларында олар Қазақстан облигацияларына 1 миллиард доллардан астам қаржы салған. Ұлттық банк валюта нарығы бақылауда, спекуляция жасауға негіз жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен сарапшылар қазіргі жағдайды уақытша құбылыс деп бағалап отыр. Келер жылы доллар күрт қымбаттауы да мүмкін.


Алмат Орақбай, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші сарапшысы:

- Ұлттық банктың шетел валютасын сату көлемінің ұлғаюы, шетелдік кірістердің ұлттық валютаға айырбастау көлемінің артуы және бейрезиденттердің елімізге инвестицияның артуы еліміздің ұлттық валютасына жоғарғы қолдау көрсетуде. Алайда ұзақ мерзімде ол құлдырайды не күшейеді деп айта алмаймыз. Себебі ол сыртқы факторларға да негізделеді. +Ол федеративті резервті жүйенің саясаты. Онымен бірге көрші елдердегі экономкалық жағдай, инфляция.