Жасанды интеллект мемлекеттік секторларға да пайдалы
Жасанды интеллект бизнестің басты құралына айналып барады. Сұраныс артқан сайын, IT компаниялар көбеюде. Әсіресе мемлекеттік платформаларда қызмет көрсететіндерді жиі байқаймыз. Солардың бірі Dynatrace қосымшасы. Бағдарлама авторлары халықаралық нарыққа бірнеше жыл бұрын шыққан. Енді Қазақстанға да келмек. Компания өз өнімін Астанаға арнайы келіп, таныстырып кетті.
Dynatrace-тің соңғы үлгідегі платформаларының бірі – АРМ. Жүйе кез-келген функцияның қателігін жылдам тауып, шеше алады. Бұл мемлекеттік порталдарға таптырмас құрал. Яғни, жаңа жобаны пайдалану арқылы дерек базасына төнетін қауіптің алдын-алуға болады. Қазір мұндай жұмыстар 2-3 күнге созылуда. Сондықтан әлемдегі мыңнан аса ірі компаниялар Dynatrace ұсынған жүйені кәдеге асырып отыр. Арасында, EGov секілді алпауыттар да бар.
Игорь Хомков, «Перфоманс эксперт» ЖШС басқарушы серіктесі:
– АРТ-мен бірге бақылау плафтормасын құрастырғанбыз. Бұл өтініштерге мониторинг жүргізудің үздік жүйесі. Кез келген IT маманнан сұрап көріңіз. Бәрі біздің қосымшаның артықшылығын айтады. Өйткені, осы арқылы компанияның немесе мемлекеттік мекеменің барлық қаржылық опцияларын қадағалауға болады. Әсіресе электронды үкімет арқылы жұмыс істейтіндерге таптырмас құрал. Қазір бизнес пен қатар мемлекеттік секторларға да қызмет көрсетудеміз. Алғашқылардың бірі болып «ҚазақТелеком» келісім берді.

