Елімізде АӨК субсидиялаудың ауқымы кеңейді

Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін сақтандыру сыйақыларын 50% көлемінде субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, төлемдердің кепілдігін қамтамасыз ететін халықаралық қайта сақтандыру компаниялары тартылды.

Еске салайық, былтыр іске қосылған жаңа жүйеде өсімдік шаруашылығы өнімдерін және алғаш рет ірі қара малды сақтандыру бекітілді. Бұл үрдістер толығымен автоматтандырылған. Толықтай сандық жүйеге келтірілген субсидиялау көлемі де өткен жылы 1,6 есеге дейін өсіп, 366 млрд теңгеге жетті. Өсімдік шаруашылығындағы бар субсидиялар бірыңғай қағидаларға біріктірілді.

Сапархан Омаров, ҚР  Ауыл шаруашылығы министрі:

- Өсімдіктерді қорғау құралдарын субсидиялау кеңейтілді. Енді гербицидтер ғана емес, пестицидтердің басқа да түрлері субсидияланады. Субсидияларды күнтізбелік жыл аясында емес, тұқым, тыңайтқыш, пестицид сатып алған күннен бастап 12 ай ішінде алу мүмкіндігі басты жаңалықтардың бірі болып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов