Қазақстан былтыр 263 млрд теңгегенің химиялық өнімдерін экспорттады

Инвестицияларға келетін болсақ, өткен жылы химия өнеркәсібіне 230 млрд теңге салынды. Сарапшылар саланың даму қарқыны жақсы екенін айтады. Өндіріс көлемі тұрақты түрде артып келеді. Осы реттегі өсім 8%-ті құрады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Нақтыласақ, 908 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Отандық химия өнеркәсібінің негізгі тауар түрлерінің ішінде мұнай-химиясы, тыңайтқыштар мен органикалық химиялық заттар жетекші орын алады.