Қазақстанда 5 трансшекаралық сауда хабы құрылады

Қазақстанда 5 трансшекаралық сауда хабы құрылады

Қазақстанда 5 трансшекаралық сауда хабы құрылады. Бұл жөнінде сала вице-министрі мәлімдеді. Атап айтсақ, Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы және  Қырғызстанмен іргеде индустриялық логистикалық кешен бой түзейді. Елдің батысында «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы мен «Каспий» контейнерлік хабы және Жетісу өңірінде «Қорғас торабы» трансшекаралық хабы іске қосылады. Бұның бәрі отандық экспорттың әлеуетін арттыру қамы,- дейді Қайрат Төребаев. Бұған қоса халықаралық тасымалдың инфрақұрылымы жаңарады. Сәйкесінше, еліміздің инвестициялық тартымдылығы арта түседі. Бұл ретте айта кететін жайт, Қазақстанның шикізаттық емес тауар айналымы биылдың 7 айында 14 млрд, ал қызметтер экспорты 2 млрд доллардан асқан. Соңғысы өткен кезеңімен салыстырғанда 17%-ке жуық өсім көрсеткен. Отандық өнімдердің Қытай, Еуропалық Одақ,  Орталық Азия елдеріне жеткізілімдердің айтарлықтай өскені байқалады.  

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдаудың шараларын ұсыну жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 100 астам компания халықаралық көшпелі сауда іс-шараларына қатысты. Бұл 7 елдегі сауда миссиялары, Қытайдағы халықаралық көрме. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік қолдаудың нәтижесі 500 млн доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасалды. Бұл мемлекеттік қолдаудың біздің министрліктегі 20 тетіктің бірі екенін атап өткім келеді.